Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да колонияға әкелінген сәлем-сауқаттың ішінен екі телефон табылды

СҚО-да колонияға әкелінген сәлем-сауқаттың ішінен екі телефон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пошта жөнелтілімдерін тексеру іс-шаралары кезінде СҚО ҚАЖД-ға қарасты №51 мекеменің (төтенше қауіпсіздік) қызметкерлері интернетке шығу жолы бар Prestiqio және МI екі смартфонды, сондай-ақ 2 Altel SIM-картасын жасырын өткізудің алдын алды.

Телефондар екі қабатты қаймақ контейнерлерінің ішіне ұқыпты түрде жасырылған. Сәлемдеме Батыс Қазақстан облысының тұрғынынан сотталғандардың біріне жолданды. Тыйым салынған заттар тәркіленді. Сәлемдемені берген азаматқа қатысты жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сәлемдеме жіберген адам ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру