Қостанайлық полицейлер балалар үйіне мерекемен құттықтап барды
Қостанай облысы ПД ЖПҚБ қызметкерлері Рудный балалар үйіне барды. Онда 107 бала тәрбиеленеді. Оларға сыйлықтар мен тәттілер тарту етіп, осылайша тәрбиеленушілерді балаларды қорғау күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер балаларға барынша көңіл бөліп, түрлі ойындар ойнап, жарыстар өткізіп, бірге қызықты уақыт өткізді. Балаларға мерекелік атмосфераны қолдайтын аниматорлар шақырылды.
– Біз мұндай науқанды жыл сайын өткіземіз және осы мекемедегі барлық іс-шараларда тұрақты қонақтар болып табыламыз. Осылайша біз ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдағымыз келеді. Өйткені балаларға кез келген жаста көңіл бөлу мен қамқорлық маңызды, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы Индира Нуруева.
Балалар тәртіп сақшылары ұйымдастырған мерекеге риза болып, оларға алғыс ретінде өлең оқып, ән шырқады.
Бұнымен полицейлердің өңірдегі іс-шаралары аяқталмайды. 3 маусым күні Қостанай облысының ПД-да жыл сайынғы ашық есік күні өтеді. Онда балалар мен олардың ата-аналары полицейлердің, қызметтік иттердің жұмысын көре алады, сондай-ақ қызметтік қаруды ұстап, арнайы техниканың рөліне отыру мүмкіндігіне ие.