Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер ер адамнан 105 грамм синтетикалық есірткі тәркіледі

Қостанайлық полицейлер ер адамнан 105 грамм синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Лисаковск қаласында синтетикалық есірткі заттарын таратушы тыйым салынған психикалық белсенді заттардың ірі партиясымен қолға түсті.

2021 жылы сәуір айының басында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Лисаковск қаласында 5 шағын аудандағы пәтерді тінту кезінде 23 жастағы ер адамның шолақ шалбарының қалтасынан салмағы төрт граммнан астам, синтетикалық психикалық белсенді зат   пирролидиновалефернон (а-РVР синонимі), 4-метилметкатинон және меткатинон (мефедрон синонимі) ажыратқыш лентамен оралған 10 түйіншек табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ іздестіру шаралары барысында төр үйдегі шкафтан жоғарыда аталған азаматтан тәркіленген затқа ұқсас, жалпы салмағы 100 гр. астам, ажыратқыш лентамен оралған 146 түйіншек салынған  целлофан пакет табылды.

Осылайша, тәркіленген синтетикалық психикалық белсенді заттың жалпы салмағы 105 гр құрады, бұл аса ірі көлемге жатады.

Жедел қызметкерлер бұл ең ірі салмақ екенін атап өтті.  Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті тарапында “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы қабылданды, тыйым салынған заттарды жөнелту арналарын және заңсыз әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру