Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Петропавлдағы әскери нысандары тексерілді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Петропавлдағы әскери нысандары тексерілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бекайдар Қазкеев жұмыс сапарымен Петропавл қаласына барды. Сапар аясында ол ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының және 6637 әскери бөлімінің қызметімен танысты.

Генерал-майор оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап, курсанттарға арналған жаңа казарманың жай-күйін көрді. Сонымен қатар заманауи талаптарға сай жабдықталған бірегей тирді қарап, курсанттардың жауынгерлік даярлығына жасалған жағдайға назар аударды.

Ал 6637 әскери бөліміне Бекайдар Қазкеев “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Нұрлан Мұхамедовпен бірге барды. Олар бөлім аумағын аралап, әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен, қызмет өткеру жағдайымен және бөлімнің материалдық-техникалық әлеуетімен танысты.

Сапар барысында әскери инфрақұрылымды дамыту, жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыру және әскери қызметшілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Сондай-ақ ол “Береке” спорт кешенінде ұландықтар арасында өткен қоян-қолтық ұрыс турнирін тамашалап,  жеңімпаздарды марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру