Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысының Полиция департаментіне барып қайтты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысының Полиция департаментіне барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ғани Хамзин мен Берік Дүйсембинов жұмыс сапары барысында Павлодар облысының Полиция департаментіне барып қайтты.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы Василий Скляр қонақтарды департаменттің жұмысымен таныстырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында полицияның сервистік моделін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру туралы айтты.

– Сервистік полиция – бұл полиция қызметіне деген көзқарас, оған сәйкес қызмет стратегиясы халыққа сапалы қызмет көрсетуге және қоғаммен әріптестікте қауіпсіздік проблемаларын шешуге бағытталған. Сервистік модельді дамытудың негізгі бағыттары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың полицияға барынша жақын болуын жеңілдетуге бағытталған. Бұл учаскелік пункттерді, мобильді бекеттерді оңтайлы орналастыруды, ден қою жеделдігін арттыруды, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қамтиды. Ең бастысы – халықпен тығыз ынтымақтастық, -деп атап өтті депутаттар.

Қонақтар адамдар көп жиналатын аймақтарда және криминогендік аймақтарда орнатылған модульдік стационарлық полиция бекеттерін қарап шығып, полиция нарядтарында тәулік бойы қызмет атқару және азаматтарды қабылдау қажеттінің бәрі бар екеніне көз жеткізді. Сондай-ақ, полиция органдары өз қызметінде пайдаланатын заманауи техникамен танысты.

Сапар барысында депутаттар Жедел басқару орталығының жұмысымен де танысты, оның негізгі міндеттері – жедел жағдайды бақылау, облыс орталығының көшелерінде құқық тәртібін қорғауды жүзеге асыратын полицияның кешенді күштері нарядтарын басқару. Депутаттарға ЖБО бейнекамералары мен мемлекеттік және жеке меншік объектілердің бейнекамералары салынған «электрондық карта» көрсетілді. Әрбір объект иесінің атаулары мен байланыс телефондары көрсетілген сәйкестендіру белгісімен белгіленеді. Бұл функция қылмыстарды «ізін суытпай » ашу кезінде оқиға аймағында бейнебақылау камераларының болуы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жұмыс сапарының соңғы кезеңі жеке құраммен кездесу болды.

Қорытындылай келе, депутаттар Павлодар облысы ПД барлық жеке құрамына қызметте табыс тіледі және өз ісіне адал болуға шақырды, өйткені тәртіп сақшыларының қолында бүкіл өңір азаматтарының қауіпсіздігі мен тыныштығы тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру