Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ТЖМ бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалған ҚАЖД бастығын марапаттады

ҚР ТЖМ бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалған Қызылорда облысы ҚАЖД бастығы Шаймерден Есенкелдиевті марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев бассейнге батқан жасөспірімді аман алып қалғаны үшін ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” медалімен марапатталды. Төсбелгіні Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев табыстады.

– Сізге адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігіңіз бен батылдығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіз құрметке лайық іс жасадыңыз. Сол үшін сізге алғыс білдіреміз. Отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілейміз, – Руслан Қайрақбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін облыстық ҚАЖД бастығының ерлігі туралы ақпарат POLISIA.KZ telegram-каналында жарияланды. Отбасымен бассейнге барған Шаймерден Есенкелдиев бассейннен қимылсыз жатқан жасөспірім баланы алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру