Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында екі ер адам колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған

Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш телефон мен төрт қуаттағыш құрылғы табылды.

Ұсталған адамдардың жеке бастары анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру