Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары елордалық түрмені аралады

Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары елордалық түрмені аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу және орындау маселелері бойынша зерттеу жұмыстарын өткізу, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді дамытуға өзара көмек көрсету және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті үшін мамандарды даярлауда күш пен ресурстарды біріктіру.

Магистранттар үшін мекеме аумағыда таныстыру экскурсиясын ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының орынбасары Еркен Миржанов өткізді.

Жиынға қатысушылар 11 тұрғын үйді, кітапхананы, медициналық пунктті, сондай-ақ тұрғын үй алқабының аумағында орналасқан асхананы аралады. Мекеме аумағында орналасқан жеке наубайхана қатысушылардың ерекше назарына ілінді, өйткені онда күн сайын сотталғандарға арнап 500-ден астам нан пісіріледі.

Тұрғын үйлерді аралау барысында қатысушылар тек қана мекеменің тұрмыстық жағдайымен танысып қоймай, өз тараптарынан сотталғандармен сұхбат жүргізді.

Экскурсия барысында қатысушылар мекеменің негізгі қызметі – өндірістік-техникалық өнімдер мен халық тұтынатын тауарларды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды өңдеу және өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстары, сондай-ақ металл өңдеу, тігін және тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу жұмыстары жасалатын колонияның өндірістік алаңдарымен танысты.

Сөз соңында Еркен Миржанов осындай іс-шаралардың арқасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытумен қатар кәсіби кадрларды даярлау да тиімді екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру