Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының бас полицейі көмекке мұқтаж 70 балаға қайырымдылық жасады

Түркістан облысының бас полицейі көмекке мұқтаж 70 балаға қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырымдылық – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов көмекке мұқтаж 70 балаға қайырымдылық жасады.

Қайырымдылықтың артында елдіктің, ауызбіршіліктің нышаны барын жете түсінген М. Қабденов Рамазан айында ораза ұстағандарды ескеріп, “Түркістан” қайырымдылық қорына үлес қосты.

Полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД бастығының атынан көмекке мұқтаж бірнеше отбасыдағы 70 баланы азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп, қайырымдылық жасады.

“Түркістан” қайырымдылық мекемесінің төрағасы Ғалымжан Қошқарбаев Түркістан облысының бас полицейіне алғысын жаудырып, шынайы ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру