Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық қорғау органдары елордадағы айналма жолдан атыс қаруларын тапты

Нұр-Сұлтанда 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер арнайы қызметтермен бірлесіп «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық Криминалдық полиция басқармасының, ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері «Алматы – Екатеринбург» тас жолы бойындағы орман екпелерінде, айналма жолдан 900 метр қашықтықта, шөптердің арасынан қару жасырылған орынды тапты.

Табылған құпия орынды тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар «МР-371» сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру