Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы 146 азаматты қабылдады

Жамбыл облысы ПД бастығы 146 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өтініштерді қабылдау, мәселелерге тереңінен ден қою, құқықтық кеңес беру – бұл іс-шаралар Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында тұрақты негізде жүзеге асырылып келеді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді.

– Біздің департаментте апта сайын азаматтарды қабылдау жалғасуда. Бұл туралы тұрғындарға еске салу маңызды деп санаймын, өйткені осындай кездесулердің нәтижесінде біз кезек күттірмейтін маңызды мәселелер туралы білеміз және алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде басшылыққа алатын негізгі басымдықтарды қайта қараймыз, – деп атап өтті А. Баймурзин.

Мәселен, алаяқтықпен күрес мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Қылмыстың осы түрін жасау тәсілдері мен жолдары көбеюде. Бас полицей алаяқтықтың таралуына қолайлы жағдай жасау азаматтар арасында әлі де кездесіп жатқанын айтты. Адамдар бейтаныс жандарға ешқандай кепілдіксіз, ақша, мүлік, жеке құжаттар алмастан сене береді.

Осы аптада қабылдауға Тараз қаласының тұрғыны жүгінді, ол алаяқтардың кезекті құрбаны болған. Ер адам автокөлігін сатып, бірақ қажетті шараларды уақтылы орындамаған себепті, көлігі үшін ақшасын ала алмай жүр.

Сондай-ақ, азаматтар сотқа дейінгі істердің тергеп-тексеру барысына, әкімшілік құқық бұзушылықтарға, кадр мәселелеріне, көші-қон қызметіне, жол-көлік оқиғалары, ұрлық, алаяқтық деректері бойынша жүгінеді.

Барлық сұрақтар ПД бастығының жеке бақылауында, жауапты бөліністерге нақты тапсырмалар берілді.

Айта кету керек, азаматтарды қабылдауды ПД бастығының орынбасарлары, басқарма және аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары да жүргізеді. Жыл басынан бері барлығы 700 тұрғын қабылдауда болды. 146 азамат ПД бастығының қабылдауына келді. Орынбасарларымен – 40, аудандық полиция бөлімдері басшыларымен 387 тұрғынның мәселесі қаралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру