Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжаттандыру ісі карантин кезінде де тоқтамады

Елімізде орын алған төтенше жағдай тұсында көптеген мекемелердің жұмысы уақытша тоқталуына байланысты құжаттарын ала алмаған 31 236 адамның тізімі ҚР ІІМ көші-қон комитетінен түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бас санитарының 10 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес, төтенше жағдай тұсында жұмысы тоқтатылған мекемелер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын бастады.

Полиция департаментінің барлық қалалық аудандық Полиция басқармалары мен бөлімдеріне қарасты көші-қон қызметімен жалпы 31 236 адамның 12 549-ы электронды түрде құжаттандырылды. Ал, арнайы құрылған мобилді топпен тасымалдауға келмейтін санаттағы азаматтарды, яғни мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнет жасындағы қариялар және көп балалы
аналардың тұрғылықты мекен-жайына шығу арқылы 624 тұрғынға бір нысанды өтініш ретінде рәсімделді.

Атап айтқанда, Қазығұрт ауданының “Құрметті азаматы”, Ұлы Отан соғысының ардагері Иса Теліпбай, алтын алқа иесі Урлай Тайтилиева, күміс алқа иесі Тахира Абдиева мен Светлана Беланованың мекен-жайын шығу арқылды құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру