Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыскерді ұстауға көмектескен жасөспірім марапатталды

Атырауда қылмысқа күдіктіні ұстауға көмектескен жасөспірім марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамыз күні сағат 19.30 шамасында Көктем ықшам ауданында жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық әрекетін жасауға оқталған азаматты қырағылықпен байқаған бойы дереу жіті қимылдап, азаматтық міндеттерін абыроймен атқарған қала тұрғындарын облыс Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев арнайы шақырып, қабылдады.

Карантин режимінің талаптарын, яғни қорғану құралдары мен ара қашықтықты сақтай отырып,
облыстың Бас полицейі қылмыстың алдын алып, күдіктіні ұстауда көрсеткен көмектері үшін Атырау қаласының тұрғындары Шамиль Кулиев, Артур Новиков және 16 жастағы Әлішер Төлегенге  өз атынан және департаменттің жеке құрамы атынан Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Қамза Бақтығалиұлы Әлішерге азаматтық ұстанымы және осындай жағдайға бей-жай қарамай көмекке келгені үшін алғыс айтып, болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды.

Марапатталған азаматтарға Қамза Бақтығалиұлы ризашылығын білдіріп,
– Күдіктіні ұстауға көрсеткен көмектеріңізді ерлік деп білеміз. Егеменді еліміздің өскелең ұрпағы сіздердей жанашыр болса, ел ертеңі кемел боларына сенім мол. Сіздерге мықты денсаулық, жарқын болашақ тілеймін, – деді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру