Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстарды ашқаны үшін СҚО тұрғындары полицейлеріне алғыс білдірді

Жыл басынан облыстық полиция басшылығының атына азаматтарға көмек көрсеткен солтүстікқазақстандық полицейлерге алғыс білдірілген ондаған хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ризашылық білдірген адамдардың сөзін жедел уәкілдердің, тергеушілердің, патрульдік полицейлердің жауапты да күрделі қызметіне берілген бағасы екендігін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, солтүстікқазақстандықтар оларға жиі алғыс білдіруде. Петропавл қ. ПБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Марат Талғарбаев облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде қала тұрғынының әмиянын ұрлаумен байланысты қылмыстық істі тергеген. Күдікті ұсталып, әмиян иесіне қайтарылды. Орын алған жағдайға тергеушінің ұқыптылықпен қарауы қарияда полицейлердің жұмысына деген құрметін туғызды. «Қоңырау шалғаннан кейін, санаулы
минуттарда оқиға орнына келген қызметкерлеріңіздің жедел жұмысын ескерусіз қалдырмауды сұраймын. Олардың қылмыстық істі ашудағы кәсіби, нақты әрі жүйелі іс-әрекеттерін атап өткім келеді. Әсіресе, менің жасымды сыйлап, үлкендерге құрмет көрсетіп, көмектесуге ниет білдірген
М. Талғарбаевқа ерекше алғыс айтамын. 26 мың теңге мен үшін қомақты ақша», – деп жазады 72 жастағы зейнеткер. Айта кететіні, қазіргі уақытта бірнеше қылмыс жасаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Надежда Смирнова үшін күздің бір күні келеңсіз оқиғаға ұласқан. Оның жеке меншік үйінің ауласынан металл құбыр ұрланған. Қала тұрғыны СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың атына жазған алғыс хатында, оның қалалық полиция басқармасына жүгінуі бойынша жедел уәкіл полиция майоры Қанат Орынбасаров шұғыл жетті дейді. Ол үш сағаттың ішінде қылмысты ашып, ұрланған заттарымды қайтарды. Қаланың келесі бір тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы жүгінген оған полицейлер жедел көрсетті, – дейді ол өз алғыс хатында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру