Қылмыстық іздестірудегі жауапты қызмет
Қылмыстық іздестіру саласындағы қызмет жедел шешім қабылдауды, қырағылықты және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Эльдар Ажгереев бірнеше жылдан бері қылмыстардың алдын алу мен ашу, іздеуде жүрген адамдарды анықтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Эльдар Ажгереев ішкі істер органдарында 2018 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келеді. Қостанай академиясының түлегі. 2022 жылдың қазан айынан бастап криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі қызметін атқарып, қылмыстарды ашу және олардың жолын кесу бағытында кәсіби міндеттерін жүзеге асырып келеді.
Жедел уәкілдің қызметі жоғары қырағылықты, шұғыл шешім қабылдауды және жауапкершілікті талап етеді. Эльдар Ажгереев өз қызметінде қылмыстардың алдын алу мен ашуға, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге басымдық береді.
Күнделікті жұмысында заң талаптарын басшылыққа алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі жедел уәкілден кәсіби шеберлікпен қатар, табандылық пен мұқияттылықты талап етеді.
Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің берік негізі. Қылмыстық іздестіру қызметінің әрбір өкілі өзіне жүктелген міндетті адал атқарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді.
