Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің отбасы назарсыз қалған жоқ

Түркістан облысында қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына Қ. Дәлбековтың арнайы марапаты мен сыйлығы табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес “23 маусым – Қазақстан Полициясы мерекесі” қарсаңында облыстағы қызмет бабында қайтыс болған ержүрек полиция қызметкерлерінің отбасына арнайы барып, сый-сыяпаттар тапсыру іс-шаралары өткізілді. ​​​​

Осы орайда Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың құттықтау хатымен, сыйлығын табыстау мақсатында 2013 жылы 11 маусымда күдіктінің соққысынан қаза тапқан полиция аға сержанты Атымтай Ахметовтың отбасына барып, оның жарын, ұл-қызын мерекемен құттықтап қайтты. ​​​​​​​​​​​

Әр мерекеде ұмытпай, елеп-ескеріп, құттықтап келіп тұратын полицейлерге отбасы мүшелері алғыстарын жеткізді.​​​​

Осындай іс-шара Сарыағаш ауданында да жалғасты. Аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен Қазақстан Полициясының құрылған күні мерекесі қарсаңында “өлі риза болмай, тірі байымас” қағидасы салтанат құрды. ​​​​​​​​​​​

Сарыағаштық сақшылар 1988 жылы қылмыскерлерді ұстау барысында қызмет бабында қайтыс болған Бақдәулет Елшинбековтың отбасына барып, оның жұбайын мерекемен құттықтап, Қ. Дәлбековтың марапатын ұсынып қайтты. Қиын салада еңбек етіп, өзінің қызметін атқару барысында өмірден өткен полицей Бақдәулеттің жанұясының жағдайын біліп, үйдегі анамызға бағалы сый-сыяпат табыстады.​​​​​​​​​​​

Б.Елшинбековтың жары Базаркүл Ахметова болса, үнемі ұмытпай құттықтап келетін, өз балаларындай хал-жағдайын сұрап тұратын тәртіп сақшыларына рахметін айтты. Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық, биік абырой тіледі. Аналық ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.​​​​

Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейлердің есімдері, оның отбасын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отыруды дәстүрге айналдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да орын ала бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру