Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасы назарсыз қалған жоқ

Отан қорғаушылар мерекесіне және ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының ПД басшысы Атығай Арыстанов қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан екі полицейдің отбасын құттықтап, азық-түлік пакеттерін табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атығай Арыстанов 2011 жылы Темір ауданы Шұбарши кентінде көшелерді патрульдеу кезінде қаза тапқан полиция сержанты Нұрлан Алпысбайдың отбасына барды. 10 қарулы қылмыскердің тобы қарусыз қызметтік автокөлікте болған Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевты екі патрульдік полицейді атып тастады.
Қызметтік және әскери борышын үлгілі орындағаны үшін Н.Алпысбай қаза болғаннан кейін 3 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Атығай Арыстанов Ішкі істер министрінің атынан Отан қорғаушылар күні мерекесімен Н.Алпысбайдын отбасын құттықтап, жақсылық, денсаулық, амандық тіледі. Содан кейін ол әйеліне азық-түлік пакеттерін табыс етті.

«Сіздерге амандық, денсаулық, бақыт тілеймін. Біздің елімізде бейбітшілік, тыныштық болсын. Кеше бейнеконференция байланысы арқылы бізді Ішкі істер министрі құттықтады, сондай-ақ барлық полиция қызметкерлері мен қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына құттықтау жеделхаттарын жібердіБіз қаза тапқан полицейлердің алдында бас иеміз, олар еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өз қызметтік борышын адал атқарған. Бүгін төтенше жағдай кезінде полицейлер біздің тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді«, – деді А. Арыстанов.

Қаза тапқан полицейдің анасы Ануза Балманова, сондай-ақ оның әйелі Жансая Мұхитова барлық мерекелерге көмектесіп, құттықтайтын тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

А. Арыстанов 1999 жылы Ақтөбе қаласында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция лейтенанты Амангелді Құсжановтың отбасында болды. Полицей қараулы қылмыскер дүкен тонап қашып бара жатқан кезде ұстауға ұмтылған, себебі жақын маңда балалар ойнап жұрген. Қылмыскер А.Құсжановтың кеудесіне оқ атып, тағы бір полицейді жарақаттады. Лейтенант Құсжанов қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, ол туралы естелік ретінде Ақтөбе қаласындағы көше, Қобда ауданының Калиновка кентіндегі мектепте мемориалдық тақта ашылды.

Облыс ПД басшысы полиция қызметкерінің әйелі Алмагүл Құсжанованы мерекемен құттықтап, оғанұзақ өмір, денсаулық және амандық тіледі.

Алмагүл Құсжанова халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әрдайым алдыңғы қатарлы жұмыс істейтін полиция қызметкерлері үшін алаңдайтынын айтып, өз алғысын білдірді.

А.Құсжанова қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ақтөбелік полиция қызметкерлері отбасыларының қайырымдылық қорын басқарады. Ақтөбе облысында қызметтік борышын атқару кезінде тоғыз полицей қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру