Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік иттер СҚО полицейлеріне қылмыстарды ашуға көмектесуде

СҚО-да тоғыз айдың өзінде төрт аяқты көмекшілер есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында 96 рет қолданылды. Қызметтік иттердің қатысуымен заңсыз айналымнан 9,5 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

(СҚО-ның қызметтік иттері | 4:30 – 8:46)

Жарылғыш заттарды анықтауда да бұл иттердің көмегі көп. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 80 рет жарылғыш заттарды іздеу жүргізілді, абырой болғанда, олар туралы ақпараттың бірде-біреуі расталмады.

Бұл сандардың артында күнделікті қажырлы еңбек, төрт аяқты үй жануарларын үйрету сеанстары, сабақтар жүргізу, қамқорлық көрсету, соның ішінде демалыс күндері де атқарылатын жұмыстар жатыр.

– Қазіргі уақытта Кинология қызметі орталығында қызметтік иттерді дайындау, қызметте қолдану кіші инспектор-кинологтардың арқасында жүзеге асырылады. Кинология қызметі орталығында 13 бірлік бар. Штат бойынша бастық, бір аға инспектор, екі жай инспектор және де алты кіші инспектор-кинолог, үш кезекшінің көмекшісі. Жалпы Департамент бойынша 52 ит баланста тұр. Кинология қызметі орталығында 20 қызметтік ит бар. Оның ішінде есірткі іздеу, жарылғыш заттарын іздейтін иттер, одорологиялық қызмет бойынша иттер бар және де із кесу бойынша дайындалған қызметтік иттер бар, – деді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының аға инспектор-кинологы Ерік Кәрібаев.

Солтүстікқазақстандық Кинологиялық қызмет орталығының кәсіби ортасын қалыптастыру Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдарына тұспа-тұс келді. Соңғы 30 жылда материалдық база айтарлықтай нығайтылды, кәсіби дәстүрлер қалыптасты, өзіндік бірегей әдістер дамытылды. Одорологиялық зертхана мен жаттықтыру алаңындағы жаттығулар, сондай-ақ қылмыс орын алған жерлерге шығу барысындағы тұрақты практика – бұның бәрі қызметке қажетті тәжірибені жинақтайды.

2008 жылдың аяғында орталықтың штатында тек үш қызметкер және алты қызметтік ит қана болған. Ал қазіргі таңда Орталық барлық бөлшектер мұқият ойластырылған, өз алдына автономды база болып табылады. Жеке автопарк, әкімшілік-тұрмыстық кешен, ветеринарлық блок, қажетті жабдықтары бар жаттықтыру алаңы, вольерлері бар павильондар, иттерге арналған күшіктеу бөлмесі де бар, жалпы жануарларға барлық жағдай жасалған.

– Қызметтік іздестіру иттерді дайындау алдында оларды тестілеуден өткізеді. Ол үшін олардың арнайы тестілері бар. Содан өткен иттер із кесу бойынша дайындалады. Қызметтік иттер сегіз жыл қызмет атқарады. Одан кейін арнайы комиссия құрылып, сол жерде қарастырылатын болады. Қызметтік ит әрі қарай өз жұмысын жалғастыра алады ма,  жоқ па? – деді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының аға инспектор-кинологы Ерік Кәрібаев.

2008 жылғы тамызда Кинологиялық қызмет орталығы базасында аустриялық кинологтар әзірлеген және сынақтан өткізген әдістеме бойынша қызметтік маман-кинологтар мен арнайы иттерді оқыту жөніндегі алғашқы республикалық семинар-тренинг өтті. Семинарды Аустрияның кинологиялық қызметі бастығы Йозеф Шутценхоффер жүргізді.

Солтүстікқазақстандық кинологтар тәулік бойы есірткіге қарсы күресушілермен, криминалдық полицияның жедел уәкілдерімен, кезекші бөлімдермен және басқа да қызметтермен егеменді еліміздің әр тұрғынының игілігі үшін қылмыстың алдын алу мен ашуға қомақты үлестерін қоса, етене жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру