Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы республикалық жарыстарда жүлдемен оралған полицейлерді құттықтады

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы республикалық жарыстарда жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жуырда Атырау облысында өткен қоян-қолтық ұрыстан жеңімпаз атанған полиция қызметкері Нұршат Аманқосов пен Қазақстанның бірнеше қаласында грэпплингтен өткен спорттық сайыста үздік шыққан Ғайни Нұрмаханды департамент бастығы Мұхтар Қожабаев қабылдап, жеңіс тұғырынан көрінген қызметкерлерді құттықтады.

Айта кетейік, Атырау облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыста 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Нұршат Аманқосов сынға түсіп, алтын медаль иеленген. Ал Тараз қаласында грэпплингтен өткен сайыста 58 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Ғайни Нұрмахан бірінші орынды иеленсе, Шиелі ауданында өткен жарыста 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоржынына екінші алтын медаль түскен.

Осы жеңістердің артынша Нұр-Сұлтан қаласында “Қазақ батыры” Қазақстан Республикасының чемпионатында грэпплингтен 58 келі салмақта Ғайни үшінші орынды иеленген. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев республикалық деңгейде Қызылорда облысының намысын қорғап, қызметімен қатар спортқа да үлгеріп жүрген қызметкерлердің отбасына бақыт, жұмысына толағай табыстар тіледі!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру