Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда маневр жасау ережелерін бұзған 1700-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда маневр жасау ережелерін бұзған 1700-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тәртіп сақшылары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың негізі мақсаты – жүргізушілер арасында көлік тәртібін дұрыстау, авариялық жағдайларды азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу.

Осы жылдың жеті айында маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 1700-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарсы қозғалыс жолағына шыққан 174 жүргізуші, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарған 318 жүргізуші ұсталды. Өңірдің автожолдарында алты айда 70 жол-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тауып, 71 азамат жарақат алды.

Негізінен жол апаттарының себептері: жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тапты. 37 адам түрлі жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру