Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Түнгі қаладағы балалар”: ШҚО-да 3 жасөспірім ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылды

ШҚО-да 3 жасөспірім ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының басталуы қарсаңында ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қызметі кәмелетке толмағандар арасында орын алатын құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Жоспарға сәйкес 1 тамыздан бастап аптаның әр демалыс күндері “Түнгі қаладағы балалар” рейдтік іс-шаралары өткізілуде. Қазірдің өзінде 78 рейдтік іс-шара өткізіліп, оның барысында қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар, ойын-сауық мекемелері тексерілді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін барлығы 143 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 22 кәмелетке толмаған жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, тіркеусіз тұрғаны үшін – 16, ұсақ бұзақылық үшін – 3, алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін – 2, тыныштықты бұзу бойынша бір және кәмелетке толмағандардың 121 заңды өкілі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс болғаны үшін – 83, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін – 6, кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін – 3, өзге де құқық бұзушылықтар – 29.

Рейдтік іс-шаралар кезеңінде тұрғылықты жері бойынша 171 кәмелетке толмаған, 241 қолайсыз отбасы тексерілді, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған және 7 қолайсыз отбасы есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру