Қызылорда облысы ПД қызметкері Азия кубогінің қола жүлдегері атанды
Қызылорда облысы ПД қызметкері Азия кубогінің қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласында осы жылдың 13–15 мамыр күндері қазақ күресінен ересектер арасында Азия кубогі өтті. Дүбірлі додаға 6 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыста ҚР ІІМ "ARLAN" спорт клубының спортшысы, Қызылорда облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Еңбек Сақтағанов жоғары шеберлік танытты.
90 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі III орынды иеленді.
