Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында балабақша тәрбиеленушілеріне жол қауіпсіздігі түсіндірілді

Қызылорда облысында балабақша тәрбиеленушілеріне жол қауіпсіздігі түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері "Дәулет" балабақшасында тәрбиеленушілермен кездесу өткізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту, бағдаршамның талаптарын орындау және көшеде өзін қауіпсіз ұстау қағидалары түсіндірілді. Полицейлер балаларға жолдағы қауіпсіздіктің маңыздылығын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесудің басты мақсаты – балалардың жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру