Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында бір күнде 10 мас жүргізуші анықталды

Қызылорда облысында бір күнде 10 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлермен жыл басынан жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында 5 982 жол ережесін бұзу дерегі анықталса, жол көлік оқиғасына тікелей әсер ететін 2 848 өрескел бұзушылық тіркелді.

Оның ішінде көлікті мас күйде басқарған 150 жүргізуші анықталды. Тек соңғы бір күнде облыс бойынша 10 жүргізуші көлікті алкогольдік мас күйінде тізгіндеген.

Жыл басынан алкогольдік мас күйінде көлік басқарып, материалдық шығын келтірілген 7 жол көлік оқиғасы тіркелді.

Заңға сәйкес, бұл жүргізушілерге 20 тәулік қамаққа алумен бірге жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазасы қолданылуда. Егер осындай әрекет нәтижесінде жәбірленуші орташа және ауыр дене жарақаттарын алса, не адам қайтыс болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру