Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

Қызылорда облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

19 қыркүйек күні Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 11-тармағымен (Адам өлтіру) күдікке ілініп, тергеуден бой тасалап, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласынын тұрғыны құрықталды.

2021 жылы күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру