Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 3 жайтына қатысы бар әйелді ұстады

Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 3 жайтына қатысы бар әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны жақын таныс емес әйел алдап кеткен. Яғни, алаяқ мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз ақшаны шығарып беретінін айтып сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден млн теңге ақша алған. Алайда арадан бір жылдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні анықтау үшін тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті егде жастағы әйел анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы үш жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3,5 миллион теңгені құрады. Ал қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру