Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1177 шетелдік жауапқа тартылды

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1177 шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Есепті мерзімде Қызылорда облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөліністерімен  облыс аумағында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 6948 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 1177 шетелдік анықталып, олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 526 азаматқа және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 65 азаматқа Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 519-бабы мен 518-бабы бойынша әкімшілік шара көрілді.

ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік жолмен республика аумағынан 81 шетелдік шығарылды. Қазіргі уақытта облыс аумағына келген шетелдіктердің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасын сақтау жағдайы қалалық, аудандық көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлерімен және аймақтық учаскелік полиция инспекторларымен күнделікті рейдтік іс-шара барысында тексерілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар департамент басшылығының қатаң бақылауында. Заңсыз көші-қонның алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру