Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегілерге қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылорда облысында пробация есебінде тұратын адамдарға қайырымдылық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазалы аудандық пробация қызметкерлері есепте тұратын тұрмыс жағдайы төмен 7 адамға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға аудандағы жеке кәсіпкерлердің қолдауымен азық-түлік берілді.

Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Бауыржан Садуовтың айтуынша, жыл басынан тұрмыс жағдайы төмен 15 азаматқа азық-түлік түрінде көмек берілген.

– Есептегі азаматтарды әлеуметтендіру бағытында жергілікті атқарушы органдармен, жеке кәсіпкерлермен көмек көрсетеміз. Жұмысы жоқ азаматтарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз, кәсіп ашамын деген сотталғандарға құжаттарын рәсімдеуге көмектесеміз, медициналық көмекті қажет ететін азаматтар аудандық ауруханадан тегін медициналық көмек алады, –  дейді Б. Садуов.

Айта кетейік, пробация есебіндегі адамдардың қайта қылмыс жасамауы үшін қызметкерлер олардың күнделікті мекенжайын тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру