Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару” ЖПІШ: Шымкентте заңсыз айналымнан 10 қару тәркіленді

Шымкентте “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының төртінші кезеңі қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында қарумен жасалған қылмыстарды алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетовтің тапсырмасына сәйкес, “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының төртінші кезеңі қорытындыланды.

Іс-шара барысында заңсыз айналымнан 10 қару тәркіленді.

Ал жалпы жыл басынан 73 қару тәркіленіп, нәтижесінде қарумен жасалған қылмыстар саны 50%-ға азайған.

Қару иелерін тексеру жұмыстарында әкімшілік жауапкершілікке 421 тұлға тартылған, оның 60%-ы осы қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру