Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЖҚЕ бұзған түркістандық жарты жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін бұзған автокөлік иесі алты ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының полицейлерімен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылады. Онымен қоса әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Осындай кезекті тексеру кезінде Түлкібас АПБ полицейлері аудан көшелерінің бірінде “Ваз-2107” маркалы автокөлік қос сызықты қиып өтіп, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткенін анықтады. Ал жол жүру қағидасын бұзған ер адам жергілікті тұрғын болып шықты. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзіліп, автокөлік айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар аудандық сотқа заңды шешім қабылдауға жолданды. Сот жол ережесін бұзған азаматты кінәлі деп танып, алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Түркістан облысының полицейлері барлық көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін мұқият сақтап, абай болуға кеңес береді. Жол үстінде жасалған кез келген қателіктің соңы орны толмас қайғыға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан тәртіпке бағынайық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру