Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 3 көліктің қатысуымен ЖКО орын алды

Ақтөбе облысында екі жол талғамайтын көлік жеңіл көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 қарашасы сағат 16:35-те «Toyota Land Cruiser Prado 120» маркалы автокөлігінің 41 жастағы әйел жүргізушісі «Ақтөбе-Астрахань» автожолының 41 шақырымында Ақтөбеден Алға қаласы бағытында келе жатып, жол-метеорологиялық жағдайды ескермей, 41 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Land Cruiser Prado 150» маркалы  автокөлікпен соқтығысқан. Кейін «Toyota Land Cruiser Prado 150» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, «Geely» автокөлігіне соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Geely» автокөлігінің 35 жастағы жолаушысы Ақтөбе қаласының Медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Ақтөбе облысының Полиция департаменті сақ болуды, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтауды сұрайды.

Жолға шықпас бұрын, ауа райының жақсарғанын күтіңіз. Өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру