Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында төртінші билік өкілдері тергеу изоляторында болып қайтты

Қызылорда облысында төртінші билік өкілдері тергеу изоляторында болып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашы маманы Д. Дастанованың ұйымдастыруымен төртінші билік өкілдері тергеу изоляторына барып қайтты.

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күнінінен кейін ұйымдастырылған бұл кездесуге Республикалық “Заң” газетінің меншікті тілшісі Г. Мақажан мен “Сыр бойы” газетінің бөлім басшысы Е. Қожас және Қоғам ТВ телеарнасының тілшісі Н. Қажытаева мен осы телеарнаның видео операторы Ғ. Қожақов, “Ақмешіт апталығы” газетінің тілшісі А. Бітімбай мен Kyzylorda-news.kz. ақпарат агенттігінің тілшісі Д. Маханова арнайы шақыртумен келді.

Кездесу барысында алдымен, ұйымдастырушы маман Д. Дастанова сөз алып, департамент бастығының міндетін атқарушы Ж. Әбдіқайыровтың атынан БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ЗК-169/1 бастығына келген тілшілерді таныстырды. Одан соң сөз алған тергеу изоляторының бастығы Қайырбек Ілиясов өзінің ішкі істер саласындағы қызметтік өмір жолы жайлы айтып берді.

Мекеме бастығы қылмыстық атқару саласының қиындығын айта отырып, ел тәуелсіздігін орнықтырумен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке құрам қызметкерлерінің имидждік сипатын арттырудағы БАҚ тілшілерінің салмағының ерекше екенін атап өтті.

– Жабық мекеме болғандықтан, сырт ортаға пенитенциярлық жүйе жұмысын жариялауда сақтық пен білімділік керек. Жаза мерзімін өтеп жатқандар және тергеудегілермен өткізілетін тәрбие жұмыстарынан бөлек, жеке құраммен атқарылатын іс-шаралар жайында сіздер жариялаған мақалалар арқылы қалың көпшілікке танылып отырмыз. Сондықтан да осы байланысымызды алдағы уақытта да жалғастырып, бекіте түсейік. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін, – деп мекеме бастығы сөзін аяқтап, БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру