Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында күштілер анықталды

СҚО-да құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында күштілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да құқық қорғау органдары қызметкерлері “Динамо” дене шынықтыру спорт қоғамы спартакиадасы аясында өткізілген гір көтеру сайысына қатысты.

Петропавлда “Динамо” дене шынықтыру спорт қоғамының 11 ұжымы Александр Винокуров ат. Спорт сарайында күш сынасты. Әр қатысушы екі қолмен гірді серпе көтеру және бір қолмен жұлқи көтеру жаттығуларын орындады. 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Шал ақын ауданы полиция бөлімінің өкілі Максим Будкевич үздік атанды. 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ҚР Ұлттық ұланы Академиясынан Алмаз Исенов жеңімпаз атанса, 90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде оның әріптесі Қасен Оразбай ерекшеленді. Ең ауыр салмақ дәрежесінде Полиция департаментінің өкілі Руслан Мукеев үздік болды. Сайыс қорытындысы бойынша СҚО Полиция департаменті қызметкерлері чемпион атанды. Екінші орынды ҚР Ұлттық ұланы академиясының өкілдері алды. Үшінші орынды Айыртау ауданы полиция бөлімі иеленді.

Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Орал Хамзин жеңімпаздарға кубок пен грамоталарды табыстады.

– Бұл спартакиаданың төртінші түрі. Бұған дейін шаңғы, волейболдан, жауынгерлік қарудан ату бойынша сайыстар өтті. Бұндай іс-шаралар қызметкерлерге шынығуға, спорттық рухты және команданың ұйымшылдығын нығайтуға көмектеседі, жас қызметкерлерді спортпен айналысуға ынталандырады, – дейді ол.

Спартакиаданың келесі түрі – шағын футбол, сайыстар шілде айында өтетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру