Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа сенген Ақтөбе облысының тұрғыны млн теңгеге шығынға батты

Алаяққа сенген Ақтөбе облысының тұрғыны млн теңгеге шығынға батты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусымда Ембі қаласының 36 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түскен. Алаяқ өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушінің атынан несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтқан. Нәтижесінде жалған қоңырау шалушы жәбірленушінің жеке деректерін иемденіп, оның атынан бір млн теңге мөлшерінде несие рәсімдеген. Анықталғандай, алаяқ ақшаны Алматы қаласында шешіп алған.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

36 жастағы әйел интернет сайтындағы бағасы тиімді телефон сату туралы хабарландыруды көреді. Сатушымен хабарласып, смартфонның суреті мен видеосын жіберуді сұрады. WhatsApp арқылы мәміленің барлық егжей-тегжейін талқылай отырып, сатушы клиенттен тауарға алдын ала төлем жасауын сұрады. Әйел бірден оған 95 мың теңге көлемінде ақша аударған. Бірақ төлемді алған сатушы байланысқа шықпай, хабарсыз кеткен.

Осындай жағдай 18 жастағы жас жігіттің басынан өткен, мопед алам деп алданып қалған. Жас жігіт сатушыға 170 мың теңгеге жуық ақша аударған.

Аталған фактілер бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәмілелер жасасу кезінде қырағы және мұқият болуды сұрайды, оңаша кездесу кезінде тауар мен ақша қаражатын беруді, белгісіз сайттарға өзінің жеке деректерін енгізбеуді және бейтаныс адамдарға бермеуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру