Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды

Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен.

Қалалық басқарманың жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 млн 80 мың теңгені құрайды.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру