Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тұрғын үйден өрт шықты

Өрт кезінде жеті адам эвакуацияланып, 10 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


2020 жылғы 23 маусымда сағат 11.15-те Қызылорда облысы ТЖД кезекші қызметіне Қызылорда қаласы, Шұғыла шағын ауданы 7А мекен-жайы бойынша бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда үшінші қабатта қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машинасы жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы жеті адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Сонымен қатар 4 қабаттан өрт автосатысы арқылы 10 адам, оның
ішінде бес бала құтқарылды.
Өрт сағат 11.34-те жойылды.
Апаттар медицинасы орталығы мен жедел-жәрдем бригадалары оқиға орнынан улы газбен уланудың жеңіл түрдегі белгілері бар алты адамды, оның ішінде төрт баланы облыстық медициналық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Қаза болғандар жоқ. Өрт ауданы 10,5 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге Апаттар медицинасы орталығының, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, жедел медициналық жәрдемнің,
“ҚазТрансГазАймақ” АҚ, “Қызылорда электр тарату торабы” АҚ жеке құрамынан
28 адам және тоғыз бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру