Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

36 солтүстікқазақстандық түлекке полиция лейтенанты – алғашқы офицерлік атақтары берілді

СҚО-да 2 мыңнан астам полицей құқықтық тәртіп күзетінде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарында 2 мыңнан астам полицей қызмет етеді. Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге орай, СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев қызметте ерекшеленген солтүстікқазақстандық полицейлерді марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды.

Салтанатты іс-шаралар тоқтатылуына байланысты, полиция ведомствосының басшысы жеке құрамды селекторлық режимде құттықтап, бүгінгі қиын жағдайда қызмет атқарудың ерекшелігіне тоқтала кетті.

– Қазақстандықтардың қауіпсіздігі, олардың тыныштығы мен ертеңгі күнге деген сенімділігі біздің жұмымызыдың сапасына байланысты. Біздің мамандығымызға тән қасиет – табандылық пен шыдамдылық әрқайсымызға жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ықпалын тигізсін. Барлық әріптестеріме мінсіз қызметі, қайсарлығы, антқа адалдығы, ортақ істі бірлесе атқарғандары үшін алғыс білдіргім келеді, – деді Марат Төлебаев.

Барлығы мерекелік бұйрықта барлығы 100 солтүстікқазақстандық полицей болды. ҚР ІІМ, облыстық ПБ бұйрығымен олар медальдар, төсбелгілер, грамоталар, алғыс хаттармен марапатталды. Бес қызметкерге кезекті атақтары берілді. Бес полицей облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың құқығымен марапатталғандардың тізімінде.

Сондай-ақ мереке қарсаңында ҚР ІІМ ведомстволық оқу орындарынан ЖОО түлектері дипломдары келді. ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен 36 солтүстікқазақстандық түлекке полиция лейтенанты – алғашқы офицерлік атақтары берілді. Олар қызметке кіріскен жас жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер, техникалық қызмет мамандары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру