Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жабайы қоян аулағандар құрықталды

Қызылорда облысында жабайы қоян аулағандар құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз аң аулау мен браконьерлікпен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Қызылорда облысы ПД-нің Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімшесінің қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың кезекті жайтын анықтады.

Жаңақорған ауданы Кейден ауылының батыс жақ беткейінде орналасқан “Қара сопы” деп аталатын жерде түнгі уақытта тәртіп сақшылары жабайы қояндарды заңсыз аулаған Жаңақорған ауданының үш тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдеме ретінде браконьерлерден 12 калибрлі 2 аңшылық мылтық, прожектор мен қоянның еті (ұшасы) алынды.

Қазіргі таңда аталған заңсыз аңшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Облыс полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады және жабайы жануарлар мен өсімдіктерді, оның ішінде ҚР Қызыл кітапқа енгізілгендерді заңсыз аулағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде браконьерлік жағдайлары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру