Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жастар арасында 400-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында жастар арасында 400-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айдың басынан бастап Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жастар арасында 472 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардан 20 пышақ тәркіленді. 

Байқоңыр полицейлері патрульдеу кезінде пиджактың қалтасынан қаруға ұқсас зат табылған күдікті азаматты тоқтатты. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат  травматикалық тапанша екені расталды.

Бұл факт (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелген.

Тәртіп сақшылары оқу орындарының оқытушыларымен бірлесіп оқушылар мен студенттер арасында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Олар кәмелетке толмағандар арасындағы қақтығыстар туралы жарияланымдарды анықтау үшін әлеуметтік медианы бақылайды. 

Анықталған әрбір факт бойынша жедел-тергеу тобы жіберіледі, жанжалға қатысушылар белгіленеді, тиісті шаралар қабылданады.

Қызылорданың оқу орындары мен жатақханаларында қылмыстардың, оның ішінде топта жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша дәрістер өткізеді және әлеуметтік бейнероликтер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру