Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жыл басынан бері 4 мыңнан астам заңды өкіл жауапкершілікке тартылды

Абай облысында жыл басынан бері 4 мыңнан астам заңды өкіл жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Рейдтің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қараусыз қалуымен күресу, кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу. Негізгі аспект кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тартатын ересек адамдарды анықтау.

Полицейлер саябақтар мен алаңдарды, қараусыз қалған үйлерді, компьютерлік клубтарды, кафелерді – жасөспірімдердің жүретін орындарды тексерді.

Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілері анықталды.

Облыс бойынша жыл басынан бері ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалары жоқ балаларды сағат 22:00-ден кейін сыртқа жіберу үшін ойын-сауық орындарының 41 иесі жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 10 ай ішінде балалардың 22:00-ден кейін сыртта бақылаусыз уақыт өткізгені үшін  4296 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру