Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын мас күйде көлік басқарған 

Қызылорда облысында жүргізуші куәлігінен екі ай бұрын айырылған тұрғын қайта мас күйде рөлге отырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны 7 ақпан күні жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған. Рейдтік жұмыстар барысында Жаңақорған ауданындағы орталық көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 22 жастағы жүргізушінің тағы да мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру