Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының мекеме бастығы қамаудағылардың туыстарымен кездесті

Қызылорда облысының ЗК-169/1 мекеме бастығы қамаудағылардың туыстарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің бастығы А.Тасқараев мекеме қамаудағылардың туыстарымен кездесті. Басты мақсат – құқық бұзып, істі болғандардың туыстарына, яғни тергеудегі, айыпталушы және сотталған азаматтарға мекеме тарапынан екпе салу науқаны қалай жүргізіліп жатқандығы жайлы ақпарат беру болды.

– Мекеме – жазаланушы әрбір азаматтың денсаулығына жауапты. Сондықтан, жұқпалы аурудың қайта өршуіне байланысты вакцина салу жұмысы белсенді түрде қолға алынып жатыр. Екпе салдырар алдында оларға түсіндірме жұмыстары өткізіліп, денсаулықтары тексеріліп, өз еріктерімен жүргізілуде. Ең бастысы бұл жауапты істі медицина бөлімінің қызметкерлері, қаламыздағы №6 қалалық емхана дәрігерлерінен жасақталған жылжымалы мобилді топтарымен бірлесе отырып атқаруда, –деді мекеме бастығы.

Сонымен қатар, келушілердің арасынан қойылған сұрақтарға жауап берген мекеме бастығы, арнайы есепте тұрғандарға науқастығына байланысты вакциналану уақытша тоқталып тұрғандығын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру