Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері колледж студенттеріне есірткінің зияны туралы айтып берді

Қызылорда облысының полицейлері колледж студенттеріне есірткінің зияны туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Қызылорда қаласы полиция басқармасының ювеналды полицейлері бірлесіп, Қызылорда қаласындағы колледждердің студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізді.

Қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында іс-шара барысында жастарды есірткі құралдары, психотроптық заттарды қолдану мен баулуға, құмар ойындарға тарту себептері мен салдары қаралды, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыс тәсілдеріне назар аударылды. Орын алған құқық бұзушылықтардың салдары туралы мысалдар келтірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру