Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері өртенген үйден тұрғындарды құтқарды

Қызылорда полицейлері өртенген үйден тұрғындарды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық ПБ-ның сақшылары өрт шығып жатқан үйден тұрғындарды құтқарды. Ақмешіт мөлтек ауданы №2 үйдің екінші қабатында өрт шыққан. Төтенше жағдай қызметіне дереу хабар берген Қызылорда қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының жаяу бағыттағы қызметкерлері Талғат Шалқарбаев, Ержан Анапияев пен Бектұр Сатенов тұрғындарды құтқаруға шұғыл кірісті.

Өрт арасынан жол тапқан сақшы Талғат Шалқарбаев көрші пәтерлерге таралып кетпес үшін тез сөндіруге кірісті. Полицейлер жедел шешім қабылдап, көршілес пәтер есігін ешкім ашпағандықтан, күш қолданып ашып, 54 жастағы азаматшаны құтқарды. Ал екі қызметкер өртке оранған көпқабатты үйдің тұрғындарын, алдымен балаларды, кейін ересектерді сыртқа шығарады.

– Бағыт аралау кезінде жергілікті тұрғын көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын айтты. Біз ойланбастан оқиға орнына дереу жеттік. Көршіден балта алып, екінші қабатта орналасқан үйдің есігін бұздық, ес-түссіз жатқан әйелді көтеріп, далаға шығардық. Біз бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырдық, бірнеше секундымыздың барын ғана түсіндік. Көпқабатты үйде орналасқан барлық тұрғындардың есігін қаға отырып, подъезд тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірдік. Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте халыққа көмектесу – міндетіміз. Бұл әрекетімізді ерлік немесе батырлық деп санамаймыз. Біздің орнымыздағы әрбір полиция қызметкері болса солай жасар еді. Бастысы – адамның өмірін арашалап қалдық, – деп атап өтті полиция қызметкері Сатенов Бектұр.

Осылайша, полицейлердің батыл шешімі адам шығынының алдын алды. Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ басын қатерге тіккен полиция қызметкерлеріне үй тұрғындары ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру