Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік ішінен ақша ұрлап кеткен ұры ұсталды

Шымкентте көлік ішінен ақша ұрлап кеткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 19 мамырда Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның 102 сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу автокөлігіне заңсыз кіріп, сөмкесінен 700 АҚШ доллар және 36 мың теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД-нің Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру