Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полицейлері синтетикалық есірткіні тарату мәселесін қала мектептерінің мұғалімдерімен талқылады

Алматы қаласының полицейлері синтетикалық есірткіні жастар мен кәмелетке толмаған балалар арасында тарату мәселесін қала мектептерінің мұғалімдерімен талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полицейлері қала Әкімдігі жанындағы есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамына кіретін мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс кездесуін өткізді.

Онлайн-кездесу есірткі мен психоактивті заттардың заңсыз айналымына байланысты сайттарда жарнамалар мен граффити суреттерінің көбеюіне қатысты өтті.

Сындарлы сұхбатқа 207 мектептің директорлары, 83 әкімшілік ауданда орналасқан ПИК және полиграфия кәсіпорындарының басшылары, сегіз аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қалалық білім басқармасының, жастар ресурстық орталығы мен психикалық оңалту Орталығының өкілдері қатысты.

– Жастар арасындағы нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес кездесудің басты тақырыбы болды. Олар нашақорлықтың алдын-алу және психоактивті заттарды тұтынудың адам ағзасына жағымсыз салдарының әсері мәселелеріне тоқталды. Біз кәмелетке толмағандар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есірткі құралдарының, психоактивті заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы хабарлауға шақырдық. Сонымен қатар, насыбай, энергетикалық сусындар, электронды темекі сияқты заттардың қауіптілігі тақырыбын да айналып өтпедік, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру