Қызылорда қаласында бірнеше қалта телефонын ұрлаған азамат ұсталды
Қызылорда қаласында бірнеше ұрлық жасаған күдікті құрықталды, -деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қазан күні полицияға 36 жастағы қала тұрғыны ұялы телефонының ұрланғаны туралы шағымданған.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында күдіктінің Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұдан басқа күдіктінің осындай үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.