Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда қаласының 200 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеді

Қызылорда қаласында 200 армениялық көлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына сәйкес, Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген және Қазақстан азаматтарына тіркелген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жалғасуда.

Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615, 553-баптарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждар төлей отырып, басқару органдары сол жақта орналасқан, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген
және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік
құралдарын тіркеу жүзеге асырылуда.

Маусым айынан бері Қызылорда қаласының 200 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды ұсынып және мемлекеттік баж төлемдерін төлеу арқылы өз көлік құралдарын тіркеді.
Есепке алынған машиналарға сары нөмір берілді. Оң жақ рөльді көліктер тіркеуге жатпайды.

Бүгінгі таңда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беріліп, Call –орталығы (тел: 8-7242-29-77-44) арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Тіркеу жұмыстарының 1 қыркүйекке дейін жүргізілетіндігін ескере отырып, Қызылорда облысының Полиция департаменті тұрғындардан Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеп үлгеруін сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру