Қызылордада әйел адам түзеу мекемесіне ұлтарақ ішіне есірткі салып өткізбек болған
Қызылордада әйел адам түзеу мекемесіне ұлтарақ ішіне есірткі салып өткізбек болған, – деп хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне қала тұрғыны салем-сауқат арқылы, танысына алып келген аяқ киімнің ұлтарағының астына екі дана ақ түсті полиэтилен пакетке оралған затты, жасырып өткізбек болған.
Тексеру барысында ұлтарақ астына оралған екі пакетте өзіне тән ерекше иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат екені анықталды.
Жедел түрде «102» арнасына хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 32,07 грамм кептірілген марихуана екендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.