Қызылордада алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті әйел қамауға алынды
Қызылордада алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті әйел қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласында арзан бағамен үй алып беремін деп танысын алдап соққан 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталды.
2020 жылдың маусым және тамыз айларында жәбірленушіге танысы Қызылорда және Алматы қаласынан үй алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 17 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп алған.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.